Қазақ тілін үйретуші жеңімпаздар анықталды

20.05.2020

Ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында елдегі төтенше жағдай мерзімінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Республикалық байқауға 29 әдіскер-оқытушы подкаст ұсынды.

І дәрежелі дипломды Нұр-Сұлтан қаласындағы «JAZY» тіл орталығының қазақ тілі пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Абдрахманова Майра иемденді.

Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әдіскер-ғалымдары Рысбекқызы Гауһар мен Есіркепқызы Қарагөз еңбектері лайықты деп танылды. 

Үшінші орынға Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының  оқытушысы Жұбатқан Таңжанов, Шымкент қалалық Тілдерді дамыту әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлнара Есепбаева, «Тұран-Астана» университетінің Әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті Жазира Ысқақова иеленді. 

Сондай-ақ республикалық байқауға белсене қатысқаны үшін Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының Ғылыми-әдістемелік бөлім басшысы   Әсел Бахытова, Алматы облысы, Панфилов ауданы Тіл орталығының меңгерушісі Аслан Қалибеков, Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының әдіскері Фариза Ерланқызы, Ақмола облысы Астрахан ауданы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Серікгүл Мұратхан алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық байқауға ұсынылған  радиохабарламалар форматындағы аудиофайлдар, яғни подкасттар – тіл үйреніп жүрген азаматтарға таптырмайтын оқу материалы. Тіл үйренушілер бос уақыттарында қазақ тіліндегі ақпараттарды тыңдау арқылы тілдік ортаға бойлап, тыңдалым  дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады.

Республикалық байқауға келіп түскен аудиофайлдар оқытушылар қазақ тілін оқыту барысында пайдаланулары үшін www.tilalemi.kz сайтында қолжетімді болады. Бұл да болса қазақ тілінің әдіскерлері мен оқытушыларына әдістемелік көмек болады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру