«Мен қазақша сөйлеймін» ақциясының ЕРЕЖЕСІ
05.08.2020
Таңдаулыларға
Акцияның мақсаты
1) Батырлар жырларынан үзінді мәнерлеп жатқа оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу;
2) Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
- Акцияға қатысатын үміткер батырлар жырынан үзінді мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), үзіндіні #менқазақшасөйлеймін2020 хештегімен әлеуметтік желілерде (Facebook, Youtube, Instagram) кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
- Акцияның қорытындысы 2020 жылдың 13 қазанда шығады, жеңімпаздары 14 қазанында онлайн режимде марапатталады.
- Акция өзге ұлт жастары арасында өткізіледі.
Акцияны өткізу тәртібі
- «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы» КеАҚ (одан әрі - «Тіл-Қазына» ҰҒПО) акцияның ұйымдастырушысы болып табылады.
- Акцияны өткізу туралы хабарландыру 2020 жылдың тамыз айында Facebook, Youtube, Instagram әлеуметтік желілерінде «Tilalemi.kz», «Tilmedia.kz», «Qazlatyn.kz» сайттарында жарияланады.
Қорытынды ережелер
- Акцияға катысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы сараптайды, шешімдері хаттама түрінде ресімделеді. Акция жеңімпаздары әлеуметтік желілердегі «лайк» саны бойынша анықталады. Жеңімпаздарға дипломдар және сыйлықтар табысталады.
- Акцияның өткізілуі туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және «Тіл-Қазына» ҰҒПО интернет-ресурсында орналастырылады.
Байланыс мәліметтері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Тіл-Қазына» ҰҒПО.
Шараның өткізілуіне жауапты тұлғалар: Әлім Сергібаев, 8(7172)27-30-43, 8(701)7108980; Меруерт Шіменбаева, (701)1097614.
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру