ӘРІ ТЕГІН, ӘРІ ТИІМДІ

17.08.2020

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталық Tilqural.kz веб-сервисі мемлекеттік тілді деңгейлеп үйретуде тиімді қызмет атқарып келеді. Оның басты ерекшелігі: толассыз тасқын секілді ақпарат айдыны бәсекелестігіне шыдас беріп, мобильді құрылғылар арқылы оқып-үйрену мүмкіндігіне жол ашады.

Ең бастысы, контентті ұсынудың заманауи форматының кеңінен қолданылуы қазақ тілін үйренушілер үшін қызықты бола түсуде.

Әрі тегін, әрі тиімді порталды пайдаланушылар саны күні бүгін 25 мыңнан асты.

Бұл саладағы жұмыстардың үлкен ізденіспен атқарылып жатқанының бұлтартпас дәлелі іспетті – осы жұмыстар жөнінде әңгімелеп беру туралы өтінішіміздің өзіне – орталықтың ақпараттық-технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы заманауи тартымды тәсіл, ұғынықты тіл арқылы жауап қатты.

Аз ғана уақыт бөліп, танысып шықсаңыз, Tilqural.kz веб-сервисі төңірегінде толыққанды мағлұмат аласыз.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру