ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ХАЛЫҚ ТАҒДЫРЫ

28.08.2020
Халық пен тіл – егіз ұғым. Бірінсіз бірі жоқ. Тіл халықтың басты адами һәм рухани байлығы болса, халық – тілдің иесі. Сондықтан тілдің тағдырын халықтан блек қарау мүмкін емес. Бүгінгі ана тілдік кеңістіктегі ахуалды жақсы білу үшін, оның тағдырын тереңірек ұғынып және оған ерекше қамқорлықтың қажет екенін түсіну үшін өткен тарихымызға кішкене зер салсақ.

Белгілі қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкірдің "Тіл тағдыры - халық тағдыры" мақаласы "Егемен Қазақстан" газетінің биылғы 28 тамыздағы №163 (29892) санында жарық көрді. Автор ойын былай деп түйіндейді: "Қазіргі қазақ тілінің тағдыры оны басқаратын мемлекеттік ұйымның деңгейі мен оның құқықтық мүмкіндіктеріне де тікелей байланысты болмақ. Сондықтан ана тіліміздің бүгінгі қоғамымыздағы аса күрделі жай-күйін жан-жақты жəне терең түсіне отырып, ерекше құқықтық мүмкіндіктермен тікелей Президентке бағынатын тіл туралы күрделі мемлекеттік құрылым жасау қажет. Мұнсыз ана тілдік кеңістіктегі ғасырлар бойы қалыптасқан күрделі қиыншылықтар шешілмейді.

Мақаланың толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://pdf.egemen.kz/pdfs/2020/08/28.08.20.pdf

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру