«ENGLISH GRAMMAR» ОҚУ ҚҰРАЛЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

17.09.2020

«Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ. Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттың тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді».

Елбасы Н.Назарбаев

 

 Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемде қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Бүгінгі таңда елімізде көп тілді  меңгеруге барынша жағдай жасалып отыр. Үштұғырлы тiл-дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бiрi ғана емес, ол өмiрлiк қажеттiлiктен туындаған өршіл идея. Көптілді білу арқылы  қазақстандықтар  өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналып қана қоймай, өзге елдердің тарихы мен мәдениетін, құндылықтарын білумен қатар, өз елін де кеңінен танытуға жол ашады. Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы құрылған күннен бастап, облыстың ересек тұрғындарын, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерін деңгейлеп оқыту курстарымен қамтамасыз етіп келеді. 2007-2020ж., 9 ай аралығында орыс тілі  курсымен 149 адам, ағылшын тілі курсымен 1836 адам қамтылды.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы курс тыңдаушыларына ағылшын тілін меңгерту мақсатында «English Grammar» оқу құралын жарыққа шығарды. Құрастырушы-автор орталықтың ағылшын тілі оқытушысы Темірова Әсел.

Грамматикалық материалдарды оңай әрі тез меңгертуде танымдық, қызықты жаттығулардың маңызы зор, сондықтан да ұсынылып отырған «English Grammar» оқу құралында ағылшын тілінің бастапқы деңгей (А1 және А2) бағдарламасына сәйкес негізгі грамматикалық тақырыптар қызықты тапсырмалармен қамтылған. Грамматикалық материалдар сурет және түрлі-түсті кестелер түрінде берілген. Аталған оқу құралы курс тыңдаушыларын деңгей бойынша жеке және топтық жұмыстарға жетелеуге мүмкіндік береді. Әрбір тарау қарапайымнан күрделіге қарай өту қағидаты негізінде құрастырылған. Оқу құралын пайдалану барысында курс тыңдаушылары ағылшын тілінен грамматикалық білімдерін бірнеше бағытта, атап айтсақ:

ƒ сабақ кезінде жаттығуларды жұпта, топта және жеке түрде жазбаша орындай алады;

ƒ сабақтан кейін үй тапсырмасы ретінде орындай алады. Курс тыңдаушылары сабақта алған білімдерін өз бетінше практикалық дағды арқылы жетілдіре алады.

ƒ бос уақытта білімді қайталау үшін пайдалана алады.

Оқу құралында түсініктемелер мен грамматикалық кестелер қарапайым және жатық тілде берілген. Бұл тапсырмалар мен жаттығуларды оқытушының көмегінсіз өз бетінше орындауға ықпал етеді. Сонымен қатар, оқу құралының соңында барлық жаттығулардың дұрыс жауаптары енгізілген, бұл да өзін-өзі бақылауға және тексеруге мүмкіндік береді.

Оқу құралы келесідей негізгі тарауларды, атап айтсақ, «To be», «Present», «Past», «Future», «Present Perfect», «Modals», «There / it», «Pronouns and Possessive», «Article a / an», «Adjectives» және т.б. қамтиды. Тараулардағы жүйеленген тапсырмалар мен жаттығулар курс тыңдаушыларының ағылшын тілінен базалық білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді.

Ағылшын тілін меңгерту мақсатында құрастырылған оқу құралы курс тыңдаушыларына, ағылшын тілі оқытушыларына арналған.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру