"Күншуақ" журналының сайты іске қосылды

17.09.2020

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы тапсырысымен балалардың тілдерді үйренуіне ықпал ете отырып, сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету, тіл байлығын арттыру, ой-өрісін дамыту, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындағы «Күншуақ» журналы 2014 жылдан бері шығып келеді.

Бүлдіршіндерге қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйрететін, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін қосымша құралдың арнайы айдарлары балалардың тілдік машықтарын, ақыл-ойын дамытуға бағытталған. Журналдан әр түрлі ертегі-әңгімелер, жұмбақ-жаңылтпаштар, бас қатырғыштар мен қолөнер сабақтарын кездестіруге болады. Аталмыш басылым мектепке дейінгі және мектеп жасындағы  балалардың зияткерлік дамуына үлес қосуда.

Бұл журналды тек Ақтөбе облысы бүлдіршіндері ғана емес, республика көлеміндегі әрбір балақайдың оқып-танысуына жағдай жасау үшін басқарма тарапынан www.kunshuak-aktobe.kz сайты құрылды. Мұнда журналдың электронды нұсқалары орналастырылып отырады. Сайттың танымдық айдарлары өзектендірілуде.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру