БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

25.09.2020
Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын жүзеге асыру бағытында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбындағы онлайн конференциясын өткізеді.

Мемлекет басшысының қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын жүзеге асыру бойынша тіл жанашырларының қатысуымен өтетін

«ТІЛ ТҰТАСТЫҒЫ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ» тақырыбындағы онлайн-конференция

 

Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 25 қыркүйек

 

Өтетін орны: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Сауран көшесі, 7/а.

Өтетін уақыты: 25 қыркүйек 2020 жыл.

 

Басталуы: сағат 15.00.

Онлайн бас қосуға белгілі саясаттанушылар Дос Көшім, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, қоғам белсендісі Серік Ерғали, заңгер Абзал Құспанов, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, жазушыСмайыл Алдан, «Қазақ үні» ЖШС президенті Қазыбек Иса, «Тіл майданы» жобасының басшысы Қуат Ахметов, тағы басқа тіл жанашырлары қатысады.

Сондай-ақ, іс шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Бас Прокуратурасының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, еліміздің құзырлы министрліктерінің жауапты мамандары пікір алмасады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру