«ӘЛІПБИ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ҚОЛЖАЗБАСЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ
Талқылауға қатысушылар «Әліпби» энциклопедиясының маңыздылығы мен қажеттігі туралы пікірлер айтып, сөз қозғайды.
Аталмыш еңбекке әлем тілдері әліпбиі мен жазу түрлері, ерекшеліктері, әліпби тарихына қатысты мәліметтер, дүниежүзіндегі осы саланың реформатор көрнекі тұлғалары туралы мәліметтер енгізілген. Энциклопедияосы бағытта ізденіп жүрген зерттеушілерге, ғалымдарға, филолог мамандарға, мұғалімдерге, жалпы қызығушылығы бар оқырманға арналған. Әліпбиге қатысты терминдер мейілінше жинақталып, жүйелендіріліпберілген.
Іс-шара барысында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Аитова Нұрлыхан, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығының» бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жұпар Жақанова, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының» оқу-әдістемелік бөлімі басшысы Ләззат Ортаева, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Сүгірбаева Ақмарал, Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Талапова Гүлнар баяндама жасайды деп күтілуде.
Талқылау нәтижесінде энциклопедияны жетілдіруге қатысты құнды идеялар жинақталып, жаңа басылымның мазмұнына енгізілетін болады.