«КӨНЕ СӨЗДЕРДІҢ БҮГІНГІ МАҒЫНАСЫ»

06.11.2020
«Ана тілі» ұлт газетінің 2020 жылғы 4 қарашадағы №45 санында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Гүлфар Мамырбектің осы аттас мақаласы жарық көрді.

«Тіліміздің түп бастауы болып табылатын көне түркі, орта түркі, одан кейінгі жаңа түркі дәуірлеріндегі жазба тіл қазіргі әдеби тіліміздің дамуының, қалыптасуының қайнар көзі. Жазба дүниелердің барлығы өз кезеңіндегі жазу дәстүрінің қатаң нормасына бағынғанымен, бірте-бірте әр ұлттың жекелеген әдеби тілдерінің дамуына үлкен жол ашты, яғни жазба тілдегі норма адамзаттың рухани ізденістері мен сұраныстары нәтижесінде бірге дамып, толығып отырады. Ғалымдардың «қазақ халқын құраған ру-тайпалар өздерінің мәдени өмірінде бірсыпыра уақыт бойы жазба әдеби тіл ретінде түркітілдес халықтардың сауатты ұрпағына жақсы таныс және ортақ болған түркі әдеби тілін пайдаланды» (Б.Әбілқасымов), «қазақ әдеби тілі қазақ ру-тайпаларының халық болып өз алдына отау тіккен XV-XVI ғасырлардан бастап қалыптасты, бұл кезеңдерде ауызша әдеби тіл және жазбаша әдеби тіл қатар өмір сүрді» (Р.Сыздықова) ­деген тұжырымдары қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуге берілген дұрыс бағыт-бағдар болды», –деп бастайды автор ой толғауын.

Мақаланың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар:http://anatili.kazgazeta.kz/news/58615

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру