ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТЕДІ

17.11.2020
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 19 қарашада «Бекітілген терминдерге мониторинг жасау әдістемесі» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн семинар өтеді.

Онлайн-семинардың мақсаты – 1971-2019 жылдар аралығында бекітілген терминдерге мониторинг жасау әдістемесін айқындау арқылы терминдерді біріздендірудің шешу жолдарын ұсыну.

Әдістемелік құралда бекітілген терминдерді мониторингілеудің талаптары, амал-тәсілдері, терминдерге қатысты оның тілдік және функционалдық аспектілері, қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, әдістемелік құралда қазақ тілінің терминологиялық әлеуеті мен халықаралық терминдердің қолданылу қағидаттары барынша толық көрсетіледі, нәтижесінде тілдік материалдың үлкен бөлігіне мониторинг жасау қолға алынады.

Әдістемелік құрал терминшілерге, терминологиялық жұмыстарды жүргізуге құзыретті мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлеріне, терминдерді аудару ісімен айналысып жүрген филологтар мен сала мамандарына арналады.

Іс-шара сараптама, пікірталас, сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылады.

Шараға "ТС ғылыми-техникалық компаниясы" ЖШС директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жөнкешов Бауыржан Сейсенбекұлы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның академигі Шерубай Құрманбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының редакция-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, филология ғылымдарының докторы Әбдірәсілов Ербол Құралбайұлы, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы қатысады.

Семинар барысын сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық ZOOM платформасы арқылы көре алады. Бұдан басқа баяндамашыға сұрақ қойып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылауға мүмкіндігі бар.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Байланыс телефондары: факс: 8 (7172) 408397

тел: 8 (7172) 273042

ұялы: 87016752660

е-mail: info@tilqazyna.kz

Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 19 қараша

Басталу уақыты: 10:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7/а, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ конференц-залы.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру