БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

19.11.2020
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 26 қарашада «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында онлайн режимде «Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстар мен көрнекі ақпараттағы қолданысы» атты республикалық семинар ұйымдастырады.

Шараның мақсаты – көрнекі ақпарат, ресми интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг жұмыстарын қорытындылау. Осы орайда арнайы сарапшы мамандардың баяндамасы тыңдалып, мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта, интернет-ресурстарда сауатты рәсімделуі талқыланатын болады.

Онлайн басқосуға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ұлттық компаниялардың жауапты мамандары, ЖОО мен Банктердің қызметкерлері қатысады.

Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 26 қараша

Басталу уақыты: 15:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7а, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының конференц-залы

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру