Көп тіл білу - басты міндет
«Көп тіл білу-басты міндет»! Дәл осындай атпен Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы көптілділікті насихаттады. Бұл Жастар саясаты мәселесін ілгерлету мақсатындағы полиглоттар форумы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде өткен бұл іс-шараға республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен полиглоттары қатысты. Форум ақын Абайдың қарасөздерін қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай, испан, қырғыз, өзбек, кәріс тілдерінде орындаудан басталды. Олар бірнеше тілді жетік меңгерген және жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға ретінде өздерін көрсетті. Шара барысында тіл саясатын насихаттау бағытында жеткен жетістіктері бар жастар басқараманың алғыс хатымен және заттай сыйлықтарымен марапатталды.