ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

14.12.2020

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Бұл күн әрбір Қазақ елінің азаматы үшін ерекше мәртебелі, бүкіл еліміз өміріндегі ұлық мереке!

Баршамыз бұл күнге экономикалық қуаты мен өркені кең қанат жайған, жаңғырған рухы көкке құлашын сермеген, заманы жаңарған мемлекет ретінде жетіп отырмыз.

Ең бастысы, соның ішінде ұлттың жаны – ана тіліміз мемлекеттік мәртебесінің арқасында қоғам өміріне нық қадам басып, дендеп енді.

Бұл бағыттағы жасап жатқан қызметтеріңіз өлшеусіз.

Әрқайсыңызға мықты денсаулық, толағай табыс пен молшылық, жарасымды береке мен бірлік тілейміз!

 

 

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

 

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру