Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рождество мерекесі қарсаңында православиелік христиандарды және барша қазақстандықтарды құттықтады.

08.01.2018

Еліміздің православиелік христиандарын және барша қазақстандық­тар­ды жарқын мейрам  - Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Рождество – ізгі үміттер мен жақсылықтардың мерекесі. Ол адамдарды игі істер жасауға, құдайдың өсиетімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылуда бастарын біріктіреді.

Осы мәңгілік құндылықтар, әсіресе, түрлі сенімдегі және эт­ностағы адамдар достық ауа­нын­да өмір сүретін Қазақстанда ерекше құрметтеледі.

Біздің бірлігіміз бен ынты­ма­ғы­мыздың арқасында Қазақстан ырғақты дамуын жалғастыруда. Еліміздің халықаралық арена­дағы беделі нығая түсуде.

Қазақстан Ұйымға мүше елдер мемлекет және үкімет бас­шы­ларының тарихи мәнге ие Астана Саммиті заңды қоры­тын­ды­сы болған ЕҚЫҰ-дағы төраға­лы­ғын табысты жүзеге асырды.

Өткен жыл Қазақстандағы Орыс Православие шіркеуі үшін есте қа­лар­лық оқиғамен ерекшеленді. Астанада Мәскеу және Бүкіл Ресей Пат­риархы Кирилл болып қайтты. Ол елордада Ор­талық Азиядағы аса ірі Успен кафедралды соборын сәуле­лен­дірді. Бұл сапар біздің еліміздегі православие және ислам қауымы ара­сындағы ізгілікті қарым-қаты­нас­ты нығайтуда ма­ңызды қадам болды.

Рождество жарқын мерекесінде ізгілікті істері мен ой-ниеттері Отанымыздың дамуы мен өркен­деуіне үлес қосып келе жатқан республиканың барлық православие азаматтарына ризашылық сөзімді айтқым келеді.

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, бейбітшілік пен игілік, әр от­ба­сында бақыт, сүйіспеншілік пен өзара түсіністік салтанат құр­ға­нын тілеймін!

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру