«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ

21.01.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп қазақ тілін тегін үйренуге арналған «Қазақ тілі QR код» жобасын жүзеге асыруда. Іс-шараның мақсаты – заманауи талаптарға сәйкес мемлекеттік тілді насихаттау, қолжетімді түрде қазақ тілін үйренуге жағдай жасау, ақпараттандыру, жаңа технологияларды қолдану аясын кеңейту және тілдік модельдер арқылы еркін сөйлеудің элементтерін қажеттілік қағидасы бойынша меңгеру.

Аталған жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 20 қаңтарында халыққа қызмет көрсету орындарында Қазақ тілі QR коды бар 30 плакат орналастырылды.

Жоба арқылы қазақ тілін үйренуге ниет білдірген облыс тұрғындары жаңа форматта мемлекеттік тілді тегін оқып, меңгеруге мүмкіндік алады. «Қазақ тілі QR код» жобасының оқу үдерісінде семинар-тренингтер, оқыту курстары, конкурстар, ынталандыру шаралары қарастырылған.

Жыл соңына дейін облыс тұрғындары көп жиналатын орындарда QR коды бар плакат орнату жұмыстары жалғасатын болады.

Жоба демеушілер есебінен жүзеге асырылуда.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру