Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІI республикалық қашықтық олимпиадасы өтті

09.01.2018

Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығының КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІI республикалық қашықтық олимпиадасын 2018 жылдың 3-5 қантар аралығында Астана қаласында халықаралық «NURORDA» мектеп-лицейінде өткізді.

Олимпиадаға 5-10 сыныптарда оқитын өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысты. Олимпиада екі кезеңде өткізілді:

On-line режимінде өткен I кезеңге 1558 оқушы қатысты. Қорытынды бойынша ең жоғары балл жинаған яғни, 5 – 8 сыныптар 100 — 95 балл; 9 — 10 сыныптар 97-91 балл олимпиаданың қорытынды II кезеңіне Астана қаласына шақырылды.

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері түркітілді және славянтілді топтар бойынша қазылар алқасының шешімімен «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының сыйлықтары тапсырылды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру