Қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек - ҚР Президенті

10.01.2018

«Қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек», - деді Қазақстан Президенті Жолдауында.

Осы ретте Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу жоғарыда аталған мәселені реттеуге мүмкіндік беретіндігін атап өтеді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттігіне назар аудартады.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру