«Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді

16.01.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Елбасы Жолдауы: жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Басқосу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауының рухани өмірдегі маңызы кеңінен талқыланады. Қазақ тілінің жаңа жаһандық кезеңдегі даму бағыты, латын әліпбиіне көшудің маңызы қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында дайындалған энциклопедия, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, танымдық кітаптардың тұсаукесері өткізіледі.

Оқырманға:

  1. «Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясы
  2. «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешені 1200 сөз.  Оқу құралы + мультимедиалық бағдарламасы СД (диск)
  3. «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешкені 1500 сөз. Оқу құралы + мультимедиалық бағдарламасы СД (диск)
  4. «Ана тілі» (Украин) Оқу құралы»
  5. «Ана тілі» (Украин) Әдістеме құралы»
  6. «Балаларға базарлық» (Ана тілін үйрету құралдары)
  7. «Сөз сыны». Тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Жинақ
  8. «Қазақстанның 70 тарихи орны»
  9. «Алаш қозғалысы» (Алаш қозғалысына, партиясына, Алашорда үкіметіне арналған өлеңдер, әдеби шығармалар)
  10. «Алаш қозғалысы» (Балаларға арналған анықтамалық)
  11. «Әдістеме әлемінде» (ғылыми-әдістемелік жинақ)
  12. «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш (француз-орыс-азақ)»
  13. «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш ( испан-орыс- қазақ)»
  14. «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш (қытай-орыс- қазақ)»
  15. «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш (араб-орыс- қазақ)»
  16. «Астанаға қош келдіңіз! Тілдескіш (ағылшын-орыс- қазақ)» және т.б. кітаптар таныстырылады.

 

Ісшараға ҚР Парламентінің депутаттары, кітап авторлары, ғалымдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-93, 8701 675 2630.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру