ТЕГІҢІЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

27.04.2021
Фамилия жасайтын ⠀ -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) ⠀ қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды: ⠀ -ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбысына аяқталған жалқы есімдерге жалғанады. ⠀ Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп жазылады: ⠀ ✅Тәжібай+ев – Тәжібаев, Жабай+ев – Жабаев, Имашев, Рашев, Мұқашев, Мұқашева, Жақашева. ⠀

Дауысты дыбыстарға аяқталған кісі аттарына да -ев (-ева) қосымшасы жалғануы мүмкін.

Мұса+ев – Мұсаев,

Абдолла + ев,

Бөке + ев – Бөкеев.

Түбір сөздің соңғы дыбысы ы, і болса, -ев (- ева) қосымшасы жалғанғанда, ол дыбыстардың орнына и әрпі жазылады:

✅Сары+ев – Сариев,

Жұмалі+ев – Жұмалиев, Аққозы+ев – Аққозиев.

Й мен ш дыбыстарынан басқа барлық дауыссыздардан кейін -ов (-ова) қосымшасы жалғанады, мұнда да сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды:

Мұ-рат+ов, Ме-дет+ов, Сұл-тан+ов, Жү-ніс+ов, Сейіт+ов.

Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан, әдетте фамилия

-ин (-ина) қосымшасы арқылы жасалады, мұндайда соңғы дауыстылар түсіріліп, түбірге -ин (-ина) қосымшасы тікелей жалғанады және сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды:

Нұралы+ин – Нұралин, Алтынсары+ин – Алтынсарин, Дербісалы+ин – Дербісалин, Ғайса+ин – Ғайсин.

-ин (-ина) жұрнақтары жалғанғанда, кейде түбірдегі

ұ, ү, о, о дыбыстары у болып өзгеріп айтылуы және солай жазылуы мүмкін (ал -ов, -ова жұрнақтарымен жасалғандарында түбір өзгермейді).

Мысалы: Мұса+ин – Мусин

(ал Мұса+ев – Мұсаев),

Жұма+ин – Жумин

(ал Жұма+ев – Жұмаев), (Абдолла+ин – Абдуллин)

(ал Абдолла+ев),

Бөке+ин – Бөкин

(ал Бөке+ев – Бөкеев).

Сонымен қатар Абдоллин деп түбірін сақтап жазу да орын ала алады.

 -ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:

☑️Аймановқа, Тәжібаевқа дегенде Ай-ман, Тәжі-бай түбірлерінің соңғы буындары жуан болғандықтан, қосымша да жуан жалғанып тұр.

Ал Жүнісовке, Әйтиевке дегендерде түбірдің соңғы буындарында жіңішке дауысты дыбыс болғандықтан (Жү-ніс, Әй-ти), қосымшаның да жіңішке варианты жалғанып тұр.

️Сыздықова Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру