«Қазақ тілі және латын графикасы» атты кітап көрмесі

16.01.2018

Тіл – қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың жаны, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытын түсіндіру мақсатында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қаңтарында «Қазақ тілі және латын графикасы» атты кітап көрмесі өтті.

Көрмеге келушілер қойылған әдебиеттермен танысып, басқарма қорындағы мемлекеттік тілді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен латын графикасына қатысты кітаптар, газет-журналдар ұсынылды. Барлығы әр жылдары басылып шығарылған 100-ден аса кітап қойылды.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру