АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫНҒА АНА ТІЛІ ҚҰРАЛЫ ӘЗІРЛЕНЕТІН БОЛАДЫ

26.05.2021
Шетелдегі қазақ диаспорасы өздері өмір сүретін мемлекеттерде сол елдің мемлекеттік тілін меңгеріп, сол елдің жалпы құндылықтарымен өмір сүреді. Дегенмен қазіргі таңда қазақ диаспора өкілдерінің ана тілімізді меңгеруі басты мәселеге айналып отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті шетелдегі қандастарымызға арналған әмбебап басылым әзірлеу бағытында жұмыстар жүргізуде.

Биыл басылымның А1 (қарапайым), А2 (базалық) деңгейлерінің түрік, орыс тілдеріндегі нұсқалары дайындалып, ел азаматтарына және шетелдіктерге қазақ тілін үйретуге арналған «Абай институты» порталына орналастырылатын болады.

2022-2023 жылдары аталған басылымның В1 (орта), В2 (ортадан жоғары), С1 (жоғары) деңгейлерін әзірлеу жоспарлануда.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру