БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСЕЙДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗҒА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ТЕГІН ОҚЫТУ КУРСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

02.06.2021
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың наурыз айынан бастап Ресей Федерациясында тұратын қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған мемлекеттік тілді тегін оқыту онлайн курстары жүргізілуде.

Жобаның басты мақсаты – Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының өкілдерімен тығыз мәдени-әлеуметтік байланыстарды орнату, сондай-ақ оларға ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.

Аталмыш курсты ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының оқытушы-тренері Іскендір Гүлжан Әмзебекқызы онлайн ZOOM платформасы арқылы аптасына үш рет жүргізеді.

Курстар жыл аяғына дейін ұйымдастырылатын болады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру