ӘР МҰҒАЛІМНІҢ МІНДЕТІ – ОҚУШЫНЫ ҚЫЗЫҚТЫРУ
Академик З.Қабдолов: «Мен қазақ тілін дамыту үшін көп жұмыс жасадым, бірақ мен қазақша сөйлеуге үйреткен бірде-бір шәкіртім – басқа ұлттың өкілі жоқ екенін мойындауым керек. Сіз үлкен, дұрыс, игілікті іс жасап жатырсыз. Сіз туралы үкіметтің жоғарғы эшалондарында білулері керек» деген еді.
А.Қайдаров менің екінші оқулығымның рецензенті болды. Сонда жазған пікірінде: «Бұл кітапта ондаған кандидаттық диссертацияның негізі бар. Көптеген жыл бойы жабулы қазан күйінде айтылмай келген түйткілді тақырыптар түсінікті түрде жақсы ашылған» деп атап өткен болатын.
Г. Бельгер: «Егер оқытуды дәл сіз сияқты адамдар жүргізсе, жақсы болар еді. Өсе беріңіз. Өркендей беріңіз» деп алғысын білдірген.
Көптеген жекеменшік, халықаралық мектептердің, орта және жоғарғы оқу орындарының, ұйымдар мен жеке тұлғаларға сабақ беретін ұстаздар тәжірибе алмасу сабақтарыма қатысады.
Шетелдіктер өз қалауынша ұстаздарды таңдайды. Оларбасқалар ұсынып, мақтаған әдістемеге көңіл бөліп, өздері көз жеткізгісі келеді, қарсы пікірді де тыңдайды, алайда, өздері сынап көреді.
Меркетингтіксұраунама нәтижесіне сүйенсек, оқулықтарымең қолайлы, ойға қонымды, тиімді деп бағаланған екен. Ломоносов атындағы ММУ-нің профессорлары, әлем бойынша қазақ диаспорасының өкілдері осындай баға беруде. Оларға жақсы жарнамаланған оқулықтар мен әдістемелер ұсынылған екен және менің оқулықтарым қолдарына кездейсоқ түскен екен.
Ең алғашқы қазақ тілін үйренушілер 100 пайыз басқа ұлт өкілдері болды. Сондықтан ең алғашқы сабақтан әр оқушы өз жеңісін көру үшін көптеген әдістер қолданылды. Барлық оқулықтарымды шәкірттерімнің қазақ тілін үйрену барысында қойған сауалдары негізінде, соларға жауап беру мақсатында жаздым десем де болады.
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне ден қою арқылы ауызекі сөйлеуге бейімдедім. Ең бастысы тіл үйренушілер бұл ерекшеліктерді түсініп, күнделікті өмірінде пайдалануларына ықпал ететін жүйе құруға тырыстым.
Әр оқулығым тәжірибеден өткен жүйеден басталады. Ең бірінші тақырып Әріптер. Қазақ тіліне тән дыбыстарға мысал келтіреміз: әдемі, әлем, әсем, үлкен, үлес, үміт, ірі, ілгіш, ілмек, өмір, өзен, өзекті, ұя, ұлт, ұжым, ұйым, құс, қарлығаш, қар, қаңтар, ғасыр, ғарыш, содан соң есептік сан есімдер, көптік жалғаулар, тәуелдік жалғаулар. Осы тақырыптар бір-бірімен байланысып, келесі сабақтарда өз орнын алып отырады.
Көптеген жекеменшік, халықаралық мектептердің, орта және жоғарғы оқу орындарының, ұйымдар мен жеке тұлғаларға сабақ беретін ұстаздар тәжірибе алмасу сабақтарыма қатысады.
Қазақ тілі оқулықтарын шығаруға шетелдік компаниялар демеушілік көрсетті. Оқулықтарымды жекеменшік, халықаралық мектептер және жоғарғы оқу орындары, тіл орталықтарының ұстаздары пайдаланып келе жатыр.
Шетелдік, халықаралық компаниялар ұстаздарды таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарап, ұстаздың кәсіби шеберлігіне және басқа, өздері сенетін тұлғалардың ұсынымына сүйенеді.
Шәкірттерімнің басым көпшілігі шетелдіктер мен өзге ұлт өкілдері. Басты мақсатым: әр шәкіртті қазақ тілін үйренуге ынталандыру, оған қоса әр адамның тіл үйренудегі қабілеті мен ерекшелігін анықтау.
Әр тұлғаның өз сара жолы болады.
Кез келген тілді оқытуда әр мұғалімнің міндеті – оқушыны қызықтыру, дүниетанымы мен тілді қабылдауын жақсарту, тілге деген ынтасын арттыру. Тілді зерттей отырып, оқушы өзінің тарихи қалыптасқан тұжырымдар жүйесін зерттейді, сол арқылы тіл табиғатын қабылдайды.
Ұстаздың тағы бір міндеті – әр оқушының ерекшелігі мен қабілетін дөп тауып көрсету.
Оқушы жүйені зерттеп, түсініп, қабылдаған кезде оны саналы түрде өзінің жүйесімен салыстыра алады, яғни ана тілінің жүйесімен салыстыра отырып, үйренген тілді жақсы түсінеді.
Гүлмира Амандықова,
қазақ тілі пәнінің оқытушысы