«АҚЫЛДЫ ТЕНТЕКТЕР» – АМЕРИКАДА

29.06.2021
«Ақылды тентектер» жобасы АҚШ-та өтіп жатқан фестивальде үздік 50-ге еніп, жүлделі орынға ие болу мүмкіндігін алып отыр.

Американдық сарапшылар фильміне құлақ түсрек, анимация оларға қатты ұнаған, кейіпкерлері, жануарлар бейнесі, көркем пейзаждар таңдай қақтырғанын жасыра алмайды. «Ә» дегенде Наурыз туралы және оның қалай тойланатыны туралы бұрын-соңды білмеген деректермен мультфильм арқылы танысқанын, қазақ дәстүрлерімен кеңірек жүздескенін жарыса жазып жатыр.

Фондық музыканың ғажап екенін айтады.

Олардың айтуынша, кейіпкерлердің жарқын дауысы ішкі сезімін дәл бейнелесе, анимация мен субтитр басты оқиға желісінен ауытқымай аяғына дейін жетектеп отырады және ой тереңдігін береді.

Бұл шығармашылық команданың бірлескен жұмысының жемісі, керек болса, жеңісі.

Түнгі аспан аясында түрлі-түсті шамдары бар соңғы көрініс өте әдемі және жалпы финал сюжетті сәтті аяқтайды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру