Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы

07.10.2021

 

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы»

республикалық байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Байқаудың мақсаты

 

1.1. «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді этнос жастарын ынталандыру.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

 

2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті.

2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

  1. Байқауға қатысу тәртібі

 

3.1. Байқауға еліміздің 17 өңірінде іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатыса алады.

3.2. Байқауға қатысу үшін үміткер 3 минуттық қысқа метражды фильм дайындап, алдын ала ұсынуы тиіс. Фильмде:

- үміткермен қазақ тілінде қысқаша сұқбат;

- оқу орны немесе жұмыс орны туралы ақпарат;

- қоғамдық жұмысынан қысқаша көрініс;

- мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі;

- білім, мәдениет, спорт және т.б. салада жеткен жетістіктері көрсетілуі қажет.

3.3. Байқау 3 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде қазылар алқасы байқау қатысушылары ұсынған бейнематериалдарды бағалайды.

Екінші кезеңде қатысушылар ұяшық таңдап, берілген тақырыпта ой толғайды (3 минут).

Үшінші кезеңде  қатысушылар мемлекеттік тілде «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында эссе жазады.

3.4. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

4.1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен (бес адам) тұратын қазылар алқасы құрылады.

4.2. Байқау 2021 жылғы 12 қарашада өтеді. Байқауға қатысу туралы өтінім 2021 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады (қосымшаға сәйкес). Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

4.3. Ұсынылған бейнематериалдар «Tilalemi.kz» порталындағы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» айдарына орналастырылады.

4.4. Байқауға қатысуға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

4.5. Байқау материалдарын tilqogam@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.

Байланыс телефондары: 8(7172)740523, 273043, 8(701)7108980.

 

 

 

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы»

республикалық байқауын өткізу

жөніндегі ережеге

қосымша

 

 

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық

байқауға қатысу үшін өтінім

 

  1. Т.А.Ә. _______________________________________________________
  2. Жасы ________________________________________________________
  3. Жынысы ____________________________________________________
  4. Білімі________________________________________________________
  5. Оқу немесе жұмыс орны _________________________________________
  6. Мекенжайы (диплом, алғысхат жолдау үшін қажет) _____________________
  7. Байланыс телефондары_________________________________________

 

Қолы

 

Күні

 

 

Бейнематериалға қосымша ұсынылатын құжаттар:

- түйіндеме;

- жетістіктерін растайтын құжаттар (мақтау қағаздарының, дипломдардың, сертификаттардың, баспа, телевизиялық және электронды БАҚ-тағы мақалаларының көшірмелері және т.б.);

- 1 фотосурет (электронды форматта);

- жеке куәліктің көшірмесі.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру