«Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстардағы қолданысы» республикалық семинары өтеді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 25 қарашасында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында онлайн режімде «Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстардағы қолданысы» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы жүргізілуде. Жоба аясында орталық және жергілікті атқарушы органдардың және оларға бағынысты ведомствалық ұйымдардың, ұлттық компаниялардың (акционерлік қоғамдардың), екінші деңгейдегі банктердің, әуе компаниялары мен жоғары оқу орындарының 180 ресми интернет-ресурстарына мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік тілдің қолданысы мен сауаттылығы тексерілді.
Шараның мақсаты – ресми интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг жұмыстарын қорытындылау. Осы орайда арнайы сарапшы мамандардың баяндамасы тыңдалып, мемлекеттік тілдің интернет-ресурстарда сауатты рәсімделуі талқыланады.
Онлайн басқосуға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ұлттық компаниялардың жауапты мамандары, ЖОО мен банктердің қызметкерлері қатысады.
Мемлекеттік тілді ресми интернет-ресурстарда кеңінен қолдануға үлес қосқаны үшін бірқатар мекемелер арнайы алғысхатпен марапатталады.
Қатысушылар тақырып бойынша өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салады.
Өтетін мерзімі: 2021 жыл 25 қараша
Басталу уақыты: 15:00
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы Сауран 7а Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының конференц-залы, Zoom платформасы