Арнайы сериямен 24 кітап жарық көрді

04.02.2022

Мазмұнды іс-шарада алғаш­қы сөзді алған аталған жоғары оқу орнының ректоры, академик Ерлан Сыдықов Абай атамыздың асыл мұрасы мен өнегелі өмірі ­туралы парасатты ой қозғап, қа­зіргі Қазақстан қоғамын ақынның рухани ұстанымына сай дамыту аса маңызды екенін атап өтті.

− Мемлекет басшысының ті­ке­­лей тапсырмасымен ашыл­­ған «Абай академиясы» ғылы­­ми-зерттеу институтының не­гіз­гі қызметінің бірі – Абай мұ­ра­сымен қазақстандық қоғам­ды жаң­ғырту басымдықтары және ақын шығармашылығын бү­гінгі қоғамның дамуымен са­бақ­тастықта қарастыру, − дей келіп, ел Президентінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» және «Абай – рухани реформатор» бағ­дарламалық мақалаларына сәйкес «Абай – мемлекет ісінің мүдделесі, жаңа қоғамның жанашыры», «Абай – ұлттық бол­мыстың үлгі­сі», «Абай – әлем­дік мәдениет тұл­ғасы» ба­ғыт­тары бойынша тал­дамалық, сауал­дамалық зерттеу­лер жүр­­гізіп, еліміздегі абайтану­мен айна­­­лысатын ғылыми-зерттеу орта­­л­ық­тарын академияның төңі­­ре­­гіне топтастыру, ғылыми тұр­­ғы­­­­дан үйлестіру екенін алға тартты.

Жалпы, жиында Абай акаде­миясының жыл ішінде атқар­­ған жұмыстары қорытындылан­­ды. Мәселен, биыл ұлы тұлғаның мұ­расын кеңінен насихаттау мақ­­­сатында академия Білім және ғылым ми­нис­трлігі Ғылым ко­ми­тетінің тап­сырысы негізінде «Абай Құ­нан­байұлының мұрасы қо­­ғам­дық-гуманитарлық ғылым­дар аспектісінде» және «Қазір­гі Қазақстан және Абай Құнан­бай­ұлы» атты екі кешенді жобаны іске асырған.

«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғалым Жандос Әубәкір жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

− Биыл институттың не­гізгі қызмет бағыттарын қазақстан­дық қоғамды жаңғырту ба­сымдық­тарымен қамту аясын­да «Абай мұрасы және қазақ­стандық қоғам­ның мәдени құн­дылықтары», «Абайдың шығар­машылық мұ­расы және қазақ тілінің ұлтара­лық қарым-қаты­нас тілі ретінде қалыптасу жолдары», «Абай дү­ние­танымы және қазір­гі қо­ғам­дағы діннің рөлі», «Абай шы­ғар­машылығы және қазіргі Қазақ­станның мәдениетаралық ын­тымақтастығы», «Абайдың қоғам­дық-саяси көзқарастары және «ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы», «Абай мұрасы контекстінде қазақстан­дық патриотизмді қалып­тастыру», «Абай шы­ғар­машылығы және қазақ әдебие­тінің қалыптасуы», «Абайдың шығармашылық мұ­расының тарихи-этнографиялық кон­тексті», «Абай тілі және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері», «Абайдың экономикалық көз­қа­растары және қазақ халқының шаруашылық құрылымы», «Абай мұрасы және түркі әлемінің өрке­ниеттік негіздері» атты арнайы сериялармен 24 ғылыми-танымдық кітап әзірленді, − деді.

Сонымен аталған арнайы сериямен Е.Сыдықов, Ж.Дәде­баев, Ш.Ибраев, С.Негимов, Т.Жұрт­бай, Т.Шапай, Қ.Мәдібаева, С.Ана­­ньева, Ж.Аймұхамбет, А.Ке­­мел­бай, Г.Мұратова, А.До­­ға­лов, Ы.Палтөре, Б.Қор­ған­беков, М.Ал­пысбес, Қ.Бибе­ков, Е.Тіле­шов, С.Қорабай, А.Кең­шілікұлы, Қ.Бат­талов, Ә.Қайшатаева, А.Сма­ғұлова, А.Қалиева секілді бел­­гілі абай­танушылар бастаған ға­­лым­дар­дың, зерттеушілердің зер­делі еңбектері оқырманға жол тартып отыр. Сондай-ақ «Абай – әлемдік мәдениеттің тұлға­сы» шеңберінде алыс-жақын ше­телдегі және республикалық БАҚ-та Абай мұ­расы қоғамдық-гуманитарлық ба­ғытта жаңа­ша пайымдалған та­нымдық мақа­ла­лар жарияланған.

Айта кетейік, биыл институт­тың негізгі қызметі «Абай мұрасы – түркі әлемінің мәдени капиталы» атты бағытымен толығып, со­­ның аясында хакім атамыздың жал­­пыадамзаттық мәселелерді кө­­терген шығармаларын 23 түркі тілі­не аудару жұмыстары жүзеге асып, ақын шығармаларының түр­кі тіліндегі аудармасы «Абай мұ­расы және түркі әлемінің өрке­ниет­тік негіздері» атты сериямен екі томдық жинақ жарыққа шыққан.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру