Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады
04.02.2022
Таңдаулыларға
Аппарат жиналысында министр қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылатынын айтты.
Ең басты мәселе осы екі пәннің оқу бағдарламасын жаңарту болатын. Олардың оқу бағдарламасын міндетті түрде жаңартуымыз керек. Жиналысқа келген мұғалімдердің көтерген мәселесі де осы болды. Қазақ әдебиетінің мазмұны болсын, қазақ тілі пәнінің мазмұны болсын, әрине жетілдіретін мәселелер бар. Сондықтан жұмыс тобының отырыстарында айтылған барлық мәселе шешімін табуы қажет. Оның ішінде оқу бағдарламасының мақсаттарын қайта қарау мәселесі де көтерілген болатын, - деді министр.
Аймағамбетовтың айтуныша, оқытылатын шығармалар, грамматикалау жүйесі, жас ерекшеліктерін ескеру және басқа да мәселелерді мұғалімдер көтерді.
Сол себепті осы проблемаларды шешуді әрі қарай жалғастыру керек. Мұны осы жылы міндетті түрде толық шешуіміз керек, - деп толықтырды еліміздің бас ұстазы.
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру