«Тіл және қоғам», «Терминологиялық хабаршы» журналдарын әзірлеу ережесі

08.02.2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Тіл саясаты комитеті

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

 

 

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағын, «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенін әзірлеудің

 

ЕРЕЖЕСІ

 

  • ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    • Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жаһандану кезеңіндегі қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақалаларды қабылдау талаптарын белгілейді.
  • ҰСЫНЫЛАТЫН ЕҢБЕКТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ
  • ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
    • Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;
    • Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;
    • Мақаланың көлемі 5-7 бет;
    • Мақала атауы бас әріптермен, авторлар туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі) жазылады;
    • Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];
    • Мақалалар Tilqogam@gmail.com электронды поштасы арқылы 2022 жылғы 1 мамырға дейін қабылданады.
  • МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ
    • Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
    • Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
    • Электрондыжурналдар «Tilalemi.kz», «Termincom.kz» сайттарында орналастырылады.

2.1.«Тіл және қоғам» электрондық альманағында жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

2.1.1. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолдары, олардың нәтижелері;

2.1.2. Қазақ тілінің қоғамдағы атқаратын рөлі мен тілді дамытудағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер мен олардың нәтижелері;

2.1.3. Әлеуметтік салалар бойынша қазақ тілінің даму жолдары, нақты көрсеткіштер, республика көлемінде тәжірибеге енгізу жолдары;

2.1.4. Қазақ тілін өзге ұлттарға оқыту әдістемелерін жетілдіру жолдары, ерекшеліктері, практикада қолданысы;

2.1.5. Қазақ тілінің жаһандану кезеңіндегі проблемалары, шешу жолдары, өзекті мәселелер, шетелдік тәжірибелер мен олардың шыққан нақты нәтижелері мен көрсеткіштері;

2.1.6. Қазақ тілін оқыту орталықтарында оқытудағы өзекті мәселелер, тіл меңгеру ынтасын арттыру жолдары;

2.1.7. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тәсілдері, қазақ тілін меңгеруді міндеттеу тәсілдері, қазақ тілін оқыту әдістемесін жүйелеуге ықпалы, әлемдік тәжірибе;

2.1.8. Латын графикасына көшудің қазақ тілінің дамуына қосатын үлесі, ықпалы,кезең-кезеңімен көшіру бағыттары.

2.2.«Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендерінде жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

2.2.1. Салалар бойынша жаңа терминдер мен олардың негіздемелері, жаңа терминдердің шығу тегі, тарихы, мазмұны;

2.2.2. Терминдерді біріздендіру мен іріктеудің мәселелері, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер, олардағы қолданыстағы критерийлер мен олардың қазақстандық ортаға бейімділік талаптары;

2.2.3. Терминдердің қоғамда қабылдану жолдары, олардың тәсілдері, тәжірибелер мен нақты нәтижелер, байқау нәтижелері;

2.2.4. Бұқаралық ақпараттағы терминдерді пайдаланудың өзекті мәселелері, проблемеларды шешу жолдары, қазақ терминологиясын дамытудағы рөлі;

2.2.5. Терминдердің қолданыстағы сипаты, өміршеңдігі немесе өміршең еместігінің белгілері, проблеманы тудырушы факторлар, тәжірибелер мен олардың нәтижелері, статистикалық мәліметтер;

2.2.6. Терминдерді іріктеу мен бекітудің талаптары мен бейімдеу жолдары, проблеманы шешу жолдары, тәжірибе, статистикалық мәліметтер.

 

 

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-30-43, 87075333873

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру