Әдістеме басқармасының басшысы тағайындалды

21.02.2022

Жазира Ысқақова филология ғылымдарының кандидаты.

Ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Жазира Ысқақова еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастап, әр жылдары Қарағанды Болашақ университетінде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Қазақ бизнес және технология университеті мен «Тұран-Астана» университетінде аға оқытушы, доцент лауазымымен қызмет атқарды.

2022 жылдың 10 ақпанынан бастап Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО» КеАҚ-да Әдістеме басқармасының басшысы қызметін атқаруда.

Негізгі ғылыми-әдістемелік еңбегі: «О.Нұрмағамбетова - фольклортанушы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

60-қа жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалары, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулары жарық көрген. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті мәселелерімен шұғылданады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру