"Қазақ тілі" оқулығы Түркияның Хаджетепи университетінде апробациядан өтті

21.02.2022

"Шетел қазақтарына қазақ тілін оқытатын әмбебап оқулықтар көп емес. Сондықтан "Қазақ тілі" әмбебап оқулығын шығару бастамасының өзі үлкен жоба. Оқулықтың құрылымы, әдістемесі, практикалық тапсырмалар жақсы берілген. Қазір біз қазақ-түрік тіліндегі оқулықты апробациядан өткізіп жатырмыз. Ішінара түзетулерді қажет ететін мәселелер бар, оны бірге түзетеміз деп ойлаймын",- дейді Хаджеттепе университеті оқытушысы, "Көк Ту" қазақ мәдениеті қоғамы, қазақ тілі курсының үйлестірушісі Салтанат Ұзақбайқызы.

Қазақ тілі А1, А2 әмбебап оқулығы 6 тілде әзірленді. Оқулықтың мақсаты - шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулығы тіл үйренушілердің тілдік қарым-қатынас әрекеттері мен тыңдап-түсіну, жазылым, сөйлесім, дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Міндеттері:

- ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау;

- қажеттілікке сай сұрақтар қою;

- қарапайым сұрақтарға жауап беру.

Оқулық құрылымы мен берілген тапсырмалар күнделікті жағдаяттарға негізделіп жасалған.

Айта кетейік, «Қазақ тілі» (А1-А2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесері 2022 жылдың 21 ақпанында сағат 11:00-де онлайн режімде (ZOOM платформасында) өтеді.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру