Министр қазақтілді контентті дамытуға басымдық берілетінін айтты

09.03.2022

«2022 жылы біздің алдымызда ақпараттық жұмыс сапасын, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі дамыту міндеті тұр. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкіметтің ақпараттық жұмысының деңгейін айтарлықтай көтеру қажет. Ол үшін мемлекеттік органдарды бағалауға БАҚ-пен жұмыс істеу критерийлерін енгізу жоспарлануда», деді Асқар Омаров АҚДМ алқасының кеңейтілген отырысында.

Министр атап өткендей, осы жылы ведомство БАҚ және ҮЕҰ өкілдерімен ақпарат саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспары шеңберінде БАҚ саласын дамыту мәселесін белсенді талқылайтын болады.

«Медиа мамандардың біліктілігін дамытуға, халықтың медиа және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған 2022-2023 жылдарға арналған арнайы оқыту жоспарын іске асыру жоспарлануда. Қазақстандық интернет-сегментті дамыту биылғы жылы басым бағыттардың бірі болады. Қазақтілді интернет-ресурстарды, мультимедиялық контентті және онлайн-платформаларды да дамыту қажет», деп толықтырды ведомство басшысы.

Асқар Омаровтың айтуынша, қоғамдағы медиасауаттылық деңгейін арттыру үшін ҮЕҰ-мен бірлесіп медиа және ақпараттық сауаттылық аптасын өткізу жоспарлануда.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру