«2ГИС» Қазақша сөйлейді

08.04.2022

Ал соның қай тілде сөйлеп жатқанына мән береміз бе?

Тіл саясаты комитетінің бастамасы бойынша ағымдағы жылдың 7 сәуірі күні «2ГИС» бағдарламасын қазақ тілінде сөйлету мақсатында навигаторды ана тілімізге аудару үшін келіссөз жұмыстары мәреге жетті. Оған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бес бірдей маманы қатысады.

  • «2gis компаниясына» олар туралы ақпараттар жіберілді. Енді аударма жұмыстарына кірісеміз. Ең бірінші кезекте, қазақ тіліндегі сөздердің қолданысқа оңай, ұғымға жеңіл болуын қарастырамыз, - дейді Орталықтың Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы.

Енді жақын күндері астыңыздағы көлігіңіз ана тілімізде бағыт-бағдар беріп, діттеген жеріңізге жаңылмай жетуіңізге қолғабыс бермекші.

Іске сәт, әріптестер!

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру