МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

12.04.2022

12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні.
Биыл еліміз бойынша оныншы рет аталып отыр.
Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.
Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2020-2022 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі 2 есе ұлғаймақ. Ал 2025 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын ғылымға кететін шығындар құрамақ.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру