ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҰЛАҒАТЫ - ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

12.04.2022

Ахмет Байтұрсынұлының есіміне тұңғыш деген тіркесті жалғай отырып, ұлт үшін істеген еңбегін тізсек, екі қолдың саусағы жетпейді. Төл әліппенің тұңғыш авторы, тұңғыш терминолог, тұңғыш фонетик, тұңғыш лексиколог, тұңғыш әдебиеттанушы, тұңғыш публицист деп кете береді. Ол ойлап тапқан терминдер арада ғасырдан астам уақыт өтсе де, жаңа мазмұнға ие болып, қазақ тілін шұбарланудан сақтап келеді.
Өткен жылғы 21 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен ұлт ұстазы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы енді.
Осы айтулы мерейтой аясында челендж басталды. Баршаңызды белсене қатысуға шақырамыз!!!

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру