РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ

19.04.2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылдың 20 сәуірінде «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында онлайн режімде «Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырады.

Оның мақсаты – мониторинг жүргізілетін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды жұмыстың барысымен, мониторингтің критерийлерімен таныстыру.

Республикалық іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармаларының, полиция департаменттерінің, ұлттық компаниялардың (акционерлік қоғамдардың), екінші деңгейдегі банктердің, әуе компаниялары мен әуежайлардың, қоғамдық тұтыну сервистері мекемелерінің өкілдері қатысады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдарының кейбір нормаларына негізделген мониторинг жүргізудің бағалау критерийлері әзірленді.

Биыл 104 мекеменің сайттары қамтылып, осы бағыттағы жұмыстар наурыз айынан қыркүйекке дейін жалғасады.

Сондай-ақ, мониторингтің қорытындысы бойынша талдау, қорытындылар мен ұсынымдардан тұратын электронды түрде талдамалық жинақ шығарылып, мониторингке қатысқан мекемелерге (ұйымдарға) жолданып, кері байланыс жүзеге асырылатын болады.

Өтетін мерзімі: 2022 жылғы 20 сәуір

Басталу уақыты: 15:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы Сауран 7а Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының конференц-залы, Zoom платформасы

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру