ӘРІПТЕСІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫ

03.05.2022

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлыхан Нұроллақызы Айтова Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және білім саласына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Алғысымен марапатталды. Орталықтың Бас директоры Е.Тілешов марапатты ұжым алдында табыстап, Нұрлыхан Нұроллақызының еңбегіне зор табыс тіледі. Әріптесіміздің ана тіліміздің абыройын асқақтату жолындағы ерен еңбегі дүйім жұрттың көз алдында. Тіл мәселесіне талмай қалам тербеп, алқалаған әлеумет алдына ой-пікірін ашық ұсынып келеді. Қандай істі қолға алса да, құлшына кірісіп атқаруының астарынан іңкәрлық айқын аңғарылады. Байқағанға, осының бәрінің түп қазығы – ұлтын сүйген, халқын қадір тұтқан ақын жүрегінде жатқан секілді. Марапатыңыз құтты болсын!

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру