ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

11.05.2022

Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. 500-ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы – қазақтар. Төрт қазақстандық Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Майданда атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру