ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

20.05.2022

«– Қазақ тілін қалай жылдам үйренуге болады?

– Біріншіден, таза ниет керек. Бүгінде мотивация деп жүрміз ғой. Екінші, сапалы материал. Яғни, әртүрлі деңгейдегі оқытудың формаларын, тіл үйреткіш құралдарды жетілдіру мәселесі. Соның ішіндегі ең оңайлысы да, қолайлысы да: қашықтан оқуды тиімді пайдалану. Орталықтың «Тіл әлемі» сайтының «Жобалар» бөліміне кіріп, тіл үйренудің инновациялық тәсілдерін жан-жақты пайдалануға болады».

Әлбетте, Әдістеме басқармасы қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту барысында көптеген жұмысты кешенді түрде атқарып келеді. Мәселен, биылғы ақпан айында қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде «Қазақ тілін үйретудің әмбебап оқулығы» жарық көрді. Әлі сиясы кеуіп үлгермеген кітаптың аты айтып тұрғандай, қазақ тілін үйренуге құлшынған отандастарымызбен бірге, шетелдік азаматтардың да сұранысын өтей алады.

Сұқбат барысында ана тілімізді әртүрлі деңгейде үйрену үшін «Тіл әлемі» сайтын пайдаланудың тиімділігі туралы жиі айтылды. Шынында, бұл интернет-ресурстан бірнеше ІТ жобалардан бастап, түрлі оқулықтарды таба аласыз. Қапы қалмаңыз, ағайын!

 
Пікірлер (0)
Пікір қалдыру