ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ РЕФОРМАТОРЫ

30.05.2022
XХ ғасыр даналарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның өмірі, тағдыры, мұрасы – оның ғасырдың ұлы перзенті екендігінің айғағы. Ол күрескен кесапаттар – надандық, қараңғылық, ұйқышылдық, адами хайуандық, отаршылдық, ұлттың азуы мен тозуы, оның бұратаналық болмысы, жараланған жан жарасы, құлшылдық санасы, таланған жері, қансыраған тілі, шоқындыру саясатынан жансыздана бастаған діні, орыстандырыла бастаған ділі. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының болашақта болу-болмау альтернативасы. «Ұлт ырысы», «өркениет ырысы», «олжалы жерде үлестен», «ордалы жерде орыннан», «жоралы жерде жолдан» қазақ халқы қалмауын ойлаған, «ұлттық құтқару майданының сардары, ХХ ғасырдағы ұлттық ренессанстың бастауы Ахмет Байтұрсынұлы планеталық ойшылдар қатарынан орын алары даусыз.

Ахаң бар əлемдік ұлылар галереясында ХХ ғасырдың ұлы гуманисі Ганди, түркі əлемін оятқан Кемал Ататүрік, шілдің боғындай шашыраған араб əлемінің басын қосқан Насер, əккі отаршыл Ресейді еңіреткен, ХХ ғасырдың Шамилі – Дудаев, əлемдегі əрбір төртінші адамның жан дүниесін елжіреткен Ден Сяо Пин, тұңғыш ғарыш перзенті Гагарин, адам құқының қорғаны Сахаров, алты Алаштың арысы Əлихан Бөкейханов сияқты біртуар тұлғалар тұр. Əрине, Ахаңды планеталық санаттағы ойшыл, ұлы ағартушы-гуманист, ХХ ғасырдың ұлы реформаторларының бірі, бір де болса бірегейі деуімізді дəлелдеу алда тұр.

Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың ірі құбылысы, феномені. Оның есімі осы дүбірлі ғасырдың түбірлі, түбегейлі құбылыстарымен тағдырлас. Сондықтан Байтұрсынұлытану шын мəнінде ғасыртану десе де болады.

Алаш қозғалысы – ХІХ ғасырдағы ағартушылар қозғалысының жалғасы, оның жоғары сатысы. Əлихан қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық демократиялық, конституциялық, парламенттік күрес жолына салды. Ахмет болса ұлт-азаттық қозғалысына гуманистік, ұлттық сипат берді.

Ахмет Байтұрсынұлының ұлылығы неде, оның əлемдік азаттық қозғалысына қосқан үлесі қандай көрсеткіштермен өлшенбек, ұлт тарихына, ұлт тағдырына оның жасаған ықпалы қандай?

1. Ғасыр басында үркердей алып топ – Əлихан, Ахмет, Міржақып қазақтың демократиялық-либералдық бағыттағы зиялыларының басын қосып, еуропалық өркениеттік дəрежедегі қозғалысты қалыптастырды.

Ахаң өз қазағын – далаға, орыс халқын – теңізге теңеп, қазақ сахарасын еуропалық өркениетке енгізу арқылы жетілдіруді көздеді. Балаларды бастауыш мектепте ана тілінде оқытып, негіз салғаннан кейін орыс тілін үйретуді ұсынды.

2. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ зиялыларының рухани көсемі санатында 1913 жылы ұлттық биресмилік «Қазақ» газетін шығарды. Осы тұста Əлихан Алаш қозғалысының саяси көсемі болса, Ахаң рухани көсеміне, бас идеологына айналды.

АхметБайтұрсынұлыныңреформаторлығы 1918 жылы Қазан төңкерісі, азаматтық қарама-қарсылық, дауылды-дабылды жылдарда да көрінді. Біріншіден, Алашордамемлекеттігінқұрушылардыңбіріболды. Екіншіден, 1919 жылы 4 сəуірде Совет өкіметі советтік платформағакөшкенАлашордағакешірімжариялап,ұлттықкелісімгекелді. Алаш зиялыларыжаппайқуғыннан,қырғыннан ондаған жылдар бойы аман қалды. Совет өкіметі мен Алашорда арасын жарастырып, ұлттық келісімге жеткізген Ахаң еді. Үшіншіден, В.И.ЛенинніңұсынысыменҚазақөлкесінбасқаратынқазақ(қырғыз) революциялықкомитетініңтөрағасыныңорынбасарыболғанА.БайтұрсынұлыболашақҚазақ автономиясыныңаясынабарлыққазақжерінжинаудаерекшеқажырлықтанытты. Челябі губерниясына еніпкеткен Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару үшін М.Сералинмен біргеВ.И.Ленин атына арнайы хат жазып қана қоймай, советтердің Бүкілодақтық атқару комитетінде, РКП(б) орталық комитетінде арнайы қаратты. Қазақ ревкомы бұл ұсынысты қарап, қаулы қабылдады.

Ахаң – ғұлама ғалым. Философ, ойшыл. Ахаңтілтағдырынұлт тағдырыменбіртұтасқарады. Тарихта əділдік болса, ол Ахаңесімінболашаққаосылайхаттайды,қасиеттіұлыҰлтұстазын қазақ қазақ болып тұрғанда жадында мəңгі сақтайды.

Манаш Қозыбаев,

академик

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру