РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

06.06.2022
2022 жылғы 3 маусымда төрт күнге созылған «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинары өз мәресіне жетті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлбағиза Мұсаева қорытынды дәрісін «Сөйлеу әрекетінің түрлерімен жұмыс істеу» тақырыбына арнап, практикалық жұмыс жүргізді. «Жалпы күнделікті тәжірибеде интенция дегенді жиі естиміз. Терминдердің мағыналық мәнін ашып қолданған дұрыс. Интенция – ниет, ұмтылу дегенді білдіреді. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде тілдік және коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру – заман талабы», – деп бастады Гүлбағиза Әбіласымқызы.

Тіл – күллі адамзат баласының рухани күш қуаты, елдігіміздің тірегі мен тілегі. Дәріскер мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне белгілі бір жүйемен реттеп үйрету жөніндегі тәжірибемен бөлісті.

Төрт күнге ұласқан дәрістердің қатысушылар көңілінен шыққанына мына бір пікір дәлел бола алады: «Бізге осындай курстар керек. Осындай бағдарлама керек. Гүлбағиза Абыласымқызына мың алғыс! Бұл курс тіл үйретушілердің санасына төңкеріліс жасады деп ойлаймын. Ойымызда жүрген, бірақ бірізділей алмай жүрген дүниеміз. Мектеп бағдарламасын осылай реттеу керек деп есептеймін».

Орталық Бас директорының орынбасары Лиза Есбосынова тәжірибе мен практиканы ұштастыра отырып, терең ой қозғаған Гүлбағиза Мұсаеваға ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады. Бұдан басқа белсене қатысқан қатысушылар да Алғыс хатқа ие болып, қатысушыларға арнайы Сртификат табыс етілді.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру