ЖУРНАЛИСТЕР ДОДАСЫ БАСТАЛЫП КЕТТІ

13.07.2022
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2022» байқауына материал қабылдау жүріп жатыр. Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының басшысы, жас ғалым Мөлдір Бақытқызына осы туралы жолыққанымызда, жан-жақты әңгімелеп берді. «Тіл саясаты комтитеті ұйымдастырып жатқан дәстүрлі байқау биыл он жетінші рет өткізілмекші. Журналистер арасында қаншалықты кең тарағанын, былтырғы сайыс қорытындысы арқылы көз жеткізуге болады: төрт жанр бойынша 131 қалам иесінен 300-ге жуық материал келіп түсті. Әрі жыл санап, қатысушылар саны артып келе жатқанын байқауға болады»,– деді Мөлдір Бақытқызы.

Мемлекеттік тілдегі контентті арттыруға, соның ішінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша республикалық, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында аналитикалық талдаулар мен ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарын көрсеткен материалдарды жариялаған кәсіби журналистер (штаттық және штаттан тыс), теле-радио, газет, сайт ұжымдары, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары бағын сынай алады.

«Үздік мақала», «Үздік теле- және радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациясының біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің til.baq@tilqazyna.kz электрондық поштасына, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен 2022 жылғы 15 тамызға дейін (2022 жылғы 14 тамыздағы 23 сағат 59 минутты қоса есептегенде) жолдануы тиіс».

Қажетті құжаттар тізімімен мына сілтеме арқылы таныс бола аласыздар:https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/398112?lang=kk&fbclid=IwAR1owrXzJRc-_Z0YW_TwYCWm4QDZ4PnZfbdNTMcR8mzAmQOq3OuTntWzpYM&fs=e&s=cl

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру