ЖАС МАМАНҒА КЕҢЕС БЕРДІ

22.07.2022
2022 жылғы 22 шілде күні Тіл саясаты комитетінің Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Көкенова, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова мен ғылыми қызметкер Марияш Дәрменова Жұлдыз есімді жас бағдарламашыға ЗООМ арқылы кеңес берді. Жұлдыз Исабекова Тараз қаласындағы колледждің түлегі.

Ол – Жаңа Қазақстанның жалынды жастарының қатарынан жарқырай көрінуге ұмтылып, бүлдіршіндердің тілін дамытуға, оның ішінде қазақ тіліндегі сөздік қорларын байытуға, көркем сөйлеуге дағдыландыруға бағытталған мобилді қосымша жасауға талаптанып жүрген жас ізденуші.

Өзінің тырнақалды туындысын Тіл саясаты комитетіне жолдапты.

«Қосымшаға ана тілімізде қазақ және өзге де халықтардың ертегілері енген. Ертегілерді оқи және тыңдай отырып, 6-10 жас аралығындағы балаларды оқуға, сауаттануға ынталандыруды көздейді. Сонымен қатар қосымшада балаларға арналған жаттығулар мен ойындар берілген. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген, жас талаптың талпынысына Тіл саясты Комитетінің қамқорлық танытып, қолдап жатқанына қуаныштымыз. Біз өз кезегімізде тәжірибемізбен бөлісіп, қосымша бағдарламаны жетілдіру бойынша пікір-кеңесімізді ұсындық»,– дейді Жазира Мақсұтқызы.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру