«ТІЛ – ҚАЗЫНА» ЖОБАСЫ СТАРТ АЛДЫ

19.08.2022

 

2022 жылғы 17 тамыз күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы қатысқан «Тіл-Қазына» жобасы Қарағанды облысында старт алды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қолдану аясын кеңейтуге бағытталған бұл жоба биылғы қарашаға дейін аталған өңірдің 11 өңірін аралап шығады.

– Жобаны іске асырудың үш бағыты айқындалған, біріншісі бойынша жоғарыда аталған он бір өңірдегі тіл саласындағы өзекті мәселелерді анықтау болса, екіншісі әлеуметтік желілерді зерделеп, ондағы қазақ контентін дамытуға арналады. Осы жерде айта кеткен орынды деп есептеймін, әріптестеріміз Мөлдір Бақытқызы мен Эльмира Сайлауқызы IT және ғылым саласында қазақ тілінің дамуын көрсететін сайттар мен Тіл туралы заңнамадағы өзгерістер, соның ішінде көрнекі ақпаратқа қатысты сөз қозғаса, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік

университетінің аға оқытушысы Жаңбырбай Ахметұлы мемлекеттік тілдің отбасындағы рөлі, әлемдік тәжірибедегі мемлекеттік тіл тақырыбы төңірегінде ой өрбітеді. Мен облыстағы тіл саясаты жөнінде әңгімелеп беремін,– деді Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы Жақанова сапар барысы туралы сұрағымызға.

Бұдан басқа көшпелі семинар-тренингтер, әлеуметтік желілерде «Қазақ тілі 24/7» контентін қалыптастыру және облыстық «Үлгілі отбасы» байқауын өткізу қарастырылған екен.

Алғашқы семинар-тренинг бүгін Шет ауданында өтті. Мұнда тіл туралы Заңға енгізілген өзгерістер жан-жақты талқыланып, жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Әрі қарай барлық өңірлерде жалғасады.

Сөйтіп, жобаның бірінші күні үлкен құлшыныспен басталды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру