ВИЦЕ-МИНИСТР АРНАЙЫ КЕЛДІ

19.08.2022

2022 жылғы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұжымымен кездесті. Талғат Ілиясұлы кездесу барысында, бірінші кезекте, мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтауы үшін аянбай қызмет жасап келе жатқан Орталық қызметкерлерінің жұмыс жағдайына жіті назар аударды.

Әр қызмет кабинетімен жеке-жеке танысып, аралап көрді.

Тіл үйрету және оқыту, насихаттау бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыс қарқынына тың серпін қосатын өзекті мәселелер төңірегінде келелі сөз қозғалды.

Бас директор Ербол Тілешов Орталықтың негізгі қызметінің жәй-күйімен қысқаша таныстырып, жұмысты ілгерілету бағытындағы пікір-ұсыныстарын жан-жақты айтып берді.

Жаңадан тағайындалған лауазым иесі алғашқы қадамдарының бірі – ана тіліміздің абыройы үшін тер төгіп жүрген ұжымға арналып, нақты мәселелерге көңіл бөлуі ұжымға берік сенім ұялатып, шабытты ісіне қанат бітіргендей болды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру