АЛМАТЫЛЫҚ ҰСТАЗДАРҒА ІТ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

26.08.2022

2022 жылғы 26 тамызда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы онлайн режімде Алматы қалалық орта білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне мемлекеттік тілді үйретуге арналған ІТ жобалар жөнінде айтып берді.

Жедел дамып жатқан ғасырда жаңа технология тілін меңгеру заманның бұлжымас талабынай айналды. Сөйтіп, бүкіл әлем сандық ақпарат ағымымен болашаққа ілгері адымдап келе жатқанда, тіл үйрету саласында IT мүмкіндіктерін айналып өту мүмкін емес.

«Біздің ІТ жобалар қазақ тілін оқып, үйретуге арналған заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген, сонымен бірге сауатты жазуға және сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануға бағыттайды. «Sozdikqor.kz» платформасы, қазақ тілін деңгейлі оқытуға арналған Tilqural.kz веб-сервис қызметі, дұрыс жазуға көмекші құрал «Emle.kz» сайты мен терминологиялық қордың біріздендірілген жинағы «Termincom.kz» сайты үлкен сұранысқа ие»,– деді Мөлдір Бақытқызы таныстырылым барысында.

 

 

Алматы қаласындағы №174 мектеп-гимназиясында өткен орта білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің сессия жұмысына Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы оқу ісі жөніндегі бөлімнің әдіскері С.Зәкариянова жетекшілік жасады.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру