ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ ІТ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

19.09.2022

2022 жылғы 19 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Орманова Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде қазақ тіліндегі IT жобаларды таныстырды.

«Қазақ тілін оқып, үйретуде заманауи әдіс-тәсілдер өте маңызды. Әсіресе, жастар үшін. Сауатты жазуға және сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануға арналған ана тіліміздегі ІТ жобаларды жауынгерлер назарына ұсындық. Бұдан бұрын қазақ тіліндегі ІТ жобаларды түрлі сала қызметкерлеріне сайт арқылы, болмаса онлайн жүргізіп келгеміз. Бүгінгі шараның ұлт ұстазы, ұлы тұлға Ахмет байтұрсынұлының өмір жолдарымен байланысты баяндалуы ерекше қызығушылық тудырды»,– дейді Айгүл Әділбекқызы.

Шара барысында жауынгерлер қолданбалы «Sozdikqor.kz» платформасы, қазақ тілін деңгейлі оқытуға арналған Tilqural.kz веб-сервис қызметі, дұрыс жазуға көмекші құрал «Emle.kz» сайты мен терминологиялық қордың біріздендірілген жинағы «Termincom.kz» сайты туралы мәліметтерге қанықты.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру