«Анаға тағзым» акциясының қорытындысы

12.03.2018

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым» атты акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты: «АНА» сөзінің құдіреттілігін, ұлылығын ұғындыру, Ананы сыйлауға, құрметтеуге үйрету, сонымен қатар тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

Акцияға 16-29 аралығындағы өңіріміздің жастары қатысты. Жоғарыда аталған тақырыпқа сай мемлекеттік тілдегі өлеңдерді басқарманың электронды поштасына жіберілу қажет болған. Шығармаларды жергілікті ақындардан құралған әділқазылар алқасы бағалады.

Барлығы 14 қатысушының ішінен I жүлделі орынды Досжан Мұратбекұлы, II орынды Арман Аушанов, ал III орынды Ләйлә Кірісханқызы иеленді.

Іс-шараға белсенділік танытқан қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар және алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.

 

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру