МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ

07.10.2022

2022 жылғы 7 қазан күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы үміткерлерімен онлайн кездесу өткізді.

Өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі ерекше.

Қазақ тілінің қолданыс ауқы­мын кеңейту – баршамыздың мерейлі міндетіміз. Осы орайда еліміз көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауы мен «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының орны айрықша. Биылғы додаға мемлекеттік тілді еркін мең­гер­ген өзге этнос өкілдері көптеп ат­салысып жатыр.

«Өңірлерден үздік шыққан өзге этнос өкілдері арасынан 12 адам қатыспақшы. Бұл сайыстың атап өтпеуге болмайтын басты екі ерекшелігі бар. Біріншісі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналып отыр. Бұл – үлкен бақыт. Қатысушылар жүрек толқынысымен қабылдап жатыр. Екіншісі, дода тарихында алғаш рет денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтын, немесе сол мамандыққа оқып жатқан отандастарымыз бағын сынайды. Баршамызға белгілі, медицина саласы тұрғындардың ең жиі баратын орны. Қазақ тілін білгені өз алдына, бұдан басқа халқымыздың мақал-мәтелін жатқа білетін, салт-дәстүрін сыйлайтын адамдардың жүргені көңіл қуантады»,– дейді Орталық атқарушы  директорының орынбасары Лиза Қожаққызы.

Кездесу барысында ұйымдастыру мәселелері сөз болды.

Байқау 14 қазан күні Қарағанды қаласында өтеді.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру