АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҮРКІТАНУ

15.10.2022

2022 жылдың 13 қазаны күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінде өткен осы республикалық дөңгелек үстелге қатысты.

Ол «Ахмет Байтұрсынұлының әдіснамалық сабақтары» тақырыбында терең де тағылымды баяндама жасап, сөз соңында университеттің кітапхана қорына Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, орыс, түрік және ағылшын төрт тілде тәржімаланған «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» жинағын сыйға тартты.

Аталған шараға негізінен есімі елімізге кеңінен танымал белгілі ғалымдар мен Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өкілдері, сондай-ақ, университеттің филология және тарих факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, өңірдегі А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің ұстаздары онлайн және офлайн режимде қатысты.

Келелі бас қосу барысында А.Байтұрсынұлына қатысты тың деректер мен бүгінге дейін құндылығын жоймаған мұралар туралы айтылды.

Пікірлер (0)
Пікір қалдыру